Экономика

Шымкентте Еуро-4 және Еуро-5 жанармайы өндірілетін болады

© Photo : АО "КазМунайГаз - переработка и маркетинг"Шымкент мұнай өңдеу зауыты
Шымкент мұнай өңдеу зауыты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкент мұнай өңдеу зауытында зауытты жаңғырту жобасының бірінші кезеңінің нысандарында іске қосу-реттеу жұмыстары басталды

АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. Шымкент мұнай өңдеу зауыты Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарының аналогы болып табылатын жоғары октанды бензиндер мен дизель отынын шығаратын болады деп хабарлады "ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг" АҚ қоғаммен байланыс қызметі.

Бензин - Sputnik Қазақстан
Экономика
Жанармай бекеттерінде қазақстандық Еуро-5 бензині пайда болды

Іске қосу-реттеу жұмыстарын кепілдік пайдалану көрсеткіштеріне қол жеткізетін болып және сапалы өнім алынатын болып, ағымдағы жылдың шілдесіне аяқтау жоспарланып отыр. "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС-де Жаңғырту жобасы өндірісті тоқтатпай жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, жалпы алғанда зауытты жаңғырту жобасының бірінші кезеңі аясында қуаты жылына 4 мың тонна күкірт өндіретін қондырғы салынып, пайдалануға берілді, әрекеттегі дизель отынын гидротазалау қондырғысы реконструкцияланды, мөлдір мұнай өнімдерін саңылаусыз құю қондырғысы мен зауыттың инфрақұрылымының басқа да нысандарының құрылысы аяқталды. 

Автозаправочная станция - Sputnik Қазақстан
Экономика
Сарапшы: 2017 жылы Қазақстанда бензин бағасы қарқынды өсе береді

Жобаны жүзеге асыру кезінде АҚШ-тың UOP және Қытайдың СРЕ сияқты әлемдік жетекші компанияларының заманауи және жаңа технологиялары пайдаланылды. Жобалаушылар ретінде Италияның Technip компаниясы мен Қазақстанның "Казгипронефтетранс" ИК" ЖШС тартылды. Бас мердігер жұмыстарын мұнайгаз өнеркәсібі саласында инжинирингтік және құрылыс жұмыстарымен айналысатын ірі компаниялардың бірі – China Petroleum Engineering & Construction Corporation орындауда. 

"Жобаның бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін Шымкент мұнай өңдеу зауыты Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес К4, К5 экологиялық кластағы (Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарының аналогы) жоғары октанды бензиндер мен дизель отынын шығаратын болады. Бұл көлік құралдарының қоршаған ортаға шығаратын ластағыш заттарының мөлшерін азайту арқылы экологияның жақсаруына елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді. Зауытта жоғары октанды бензиндерді шығару жылына 460 мың тоннаға, дизель отынын өндіру жылына 226 мың тоннаға, авиаотынды өндіру жылына 27 мың тоннаға артатын болады. Октан саны төмен АИ-80 маркілі бензині Қазақстанның ішкі нарығындағы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін шығарылуы мүмкін", — делінген хабарламада. 

Жаңалықтар
0