03:33 27 Сәуір 2017
Тікелей эфир
Доллар - рекадр

Қазақстан Халықаралық даму банкінен тағы қарыз алмақ

РИА Новости
Экономика
Қысқа сілтеме алу
17 0 0

Халықаралық даму банкі әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасын қаржыландырады

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкінен тағы қарыз алмақ. Бүгін Мәжілісте Қазақстан мен банк арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісім 2016 жылы қарашада Астанада жасалған.

Келісімге сәйкес, банк Қазақстанға әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасын қаржыландыруға 80 миллион АҚШ доллары сомасында қарыз береді.

"Қазақстан Республикасымен бірлесіп қаржыландыру сомасы 10 миллион АҚШ доллары. Сыйақы мөлшерлемесі — 2,3%. Өтеу мерзімі 5 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда 15 жыл. Қарыздың аяқталу күні — 2021 жылғы 30 маусым", — деп баяндады ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, жобаның негізгі мақсаты денсаулық сақтау қызметін көрсету жүйесінің қолжетімділігін, сапасын және экономикалық тиімділігін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, халық үшін қаржылық тәуекелдерді төмендету көзделген.

"Жоба үш компоненттен тұрады. Бірінші, ұлттық медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді қолдау. Екінші, ұлттық медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді қолдау үшін медициналық көмек көрсету жүйесін нығайту. Үшінші, жобаны басқару, мониторинг және бағалау, ақпараттық коммуникациялық стратегия, халықпен медициналық сақтандыру және жобаны басқару мәселелері бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын қамтиды", — деді Біртанов.

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы) ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жөнелтті.

Басты тақырыптар