03:29 27 Сәуір 2017
Тікелей эфир
ЖЖМБ

Қазақстанда АИ-92 бензині арзандады

© Sputnik / Игорь Зарембо
Экономика
Қысқа сілтеме алу
311501

Қазақстанда АИ-92 бензинінің арзандауына бірнеше өзара байланысты фактор әсер етті

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. "ҚазМұнайГаз" автокөліктерге жанармай құю желісі АИ-92 маркалы бензинінің бөлшек сауда бағасын литріне 142 теңгеге дейін төмендетті, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС.

"Теңгенiң долларға қатысты бағамы күшеюінің жалғасып отырған үрдісі Ресей Федерациясынан әкелген отын импортының арзандауына ықпал етті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы АИ-92 қорының деңгейі нарықта көтерме бағаның тұрақтануына мүмкіндік берді", — делінген хабарламада.

Сонымен бірге, РФ импорты және ҚР нарығында көтерме бағаны, қорлар серпінін, тұтыну мен өндіру көлемін өзгерту алдағы уақытта бөлшек сауда бағасының өзгеруіне, оның ішінде жеке мұнай өнімдерінің түрлеріне қатысты арттыру жағына әсер етуі мүмкін.

Басты тақырыптар