16:37 21 Шілде 2017
Тікелей эфир
Үкімет

Үкімет: 2017 жылғы төрт айдың қорытындысы бойынша экономикада өсім бар

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
3711

Қаңтар-сәуірде ІЖӨ өсімі 3,7%-ға дейін артты

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik.  2017 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша экономиканың көп саласында өсім байқалады, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

"Жалпы алғанда биылғы жылдың 4 айындағы статистиканы жағымды деп айтуға болады. Қаңтар-сәуірде жалпы ішкі өнімнің өсімі бірінші тоқсандағы 3 % қарағанда 3,7%-ға дейін үдеді. Тұтынушылық және инвестициялық сұраныс, экономиканың нақты секторындағы белсенділік өсім қарқынын арттыруға ықпал етті", — деп баяндады Сүлейменов үкімет отырысында.

Оның атап өтуінше, ІЖӨ-нің оң қарқыны өндіруші және өңдеу, құрылыс саласы пен қызмет көрсету салаларындағы өсімге байланысты.

"Агөнеркәсіп кешенінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі өзгерген жоқ, 2,9% деңгейінде сақталды. Есепті кезеңде азық-түлік өндірісі 5,7%-ға өсті. Құрылыс 6,1 пайызға өсіп, оң серпінін сақтады. Павлодар, Жамбыл облыстарында, Астана қаласында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Көлік және қоймалау қызметтерінің көрсетілуі 3,5 пайызға өсті. Бұл ретте жүк айналымы 5,9 пайызға, жолаушы айналымы 3,2 пайызға ұлғайды", — деді министр.

Жалпы, минисрдің айтуынша, төрт айдың қорытындысы бойынша экономиканың көптеген саласында қарқынды өсім байқалады.

"Дегенмен, әлемдік тауар және қаржы нарығында сақталып отырған құбылмалылық экономкианың алдағы кезеңдердегі өсіміне қатысты бірқалыпты болжалдың басым факторы болып табылады. Өткен жылдың алғашқы бес айы ішінде жалпы ішкі өнімнің төмендеуін байқап келдік, осы жағдай жыл басынан ЖІӨ-дегі кері серпінге әсер етті. Екінші жартыжылдықта өткен жылдағы төмен мәнге байлаеысты даму факторлары аяқталады. Сондықтан мемлекеттік органдар жұмыстарын жандандыру қажет", — деді Сүлейменов.

Басты тақырыптар