08:31 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
автобус

Астанада 1 маусымнан бастап екі жаңа автобекеті жұмыс жасайды

© Sputnik / Нина Зотина
Экономика
Қысқа сілтеме алу
3910

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап "Алай" және "Кең март"автобекеттері жұмыс жасай бастайды

АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. ЭКСПО-2017 кезінде жолаушыларды үздіксіз тасымалдау үшін Астанада екі жаңа автобекет ашылады, онда тәулік сайын еліміздің өңірлерінен 400-ге дейін автобус келеді. Бұл туралы ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр баяндады.

Алдын ала есептеу бойынша, ЭКСПО-2017 кезінде облыстардан Астанаға автобустармен 472 мыңнан астам адам, немесе тәулігіне 5 мыңнан астам мейман келеді.

"Сапаржай Астана" автовокзалы ағымдағы рейстерге қызмет көрсетеді, сондықтан елорданың тұрғындары мен қонақтары үшін дағдылы бағдарлар өзгеріссіз қалады", — деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Қосымша ашылған рейстерге жаңа автобекеттерде қызмет көрсетіледі. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап "Алай" автобекеті жұмыс жасай бастайды, онда солтүстік және батыс өңірлерден – Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Талдықорған, Орал, Ақтөбе, Өскеменнен келетін қосымша ашылған рейстерге қызмет көрсетіледі.

Екінші автобекет – "Кең март" — оңтүстік және орталық өңірлерден — Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Қарағандыдан күніне 34 рейс қабылдайды.


Басты тақырыптар