Экономика

Қазақстандық банктың депозит және шот ашуға лицензиясы тоқтатылды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуПайыз
Пайыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Delta Bank" АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға лицензиясы уақытша тоқтатылды

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. "Delta Bank" АҚ-ның жаңа депозиттер тартуға және банк шоттарын ашуға лицензиясы уақытша тоқтатылды. 

Ұлттық банк шешімімен 22 мамырдан 15 маусымға дейін "Delta Bank" АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатыла тұрады. 

Тимур Кулибаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Құлыбаев зейнетақы жүйесіндегі олқылықтар туралы: Ұлттық банк тарапынан қадағалау әлсіз

"Бұл шешімді Ұлттық банк Delta Bankтың заңнама талаптарын жекелеген бұзушылықтарына қадағалаушылық реттеу және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңда көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамау және үнемі пруденциялық нормативтерді және басқа сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін ішкі бақылау жүйелерін жақсарту қажеттілігі шеңберінде қабылдады", — деп хабарлайды Ұлттық банк. 

Лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке және заңды тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады және банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ. 

2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Delta Bank" АҚ жеке тұлғаларының қабылданған депозиттерінің көлемі 0,6 млрд теңге, заңды тұлғалардың депозиттері 115,7 млрд теңгеге жетті. 

Банктің депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,7%-ын құрайды.


Жаңалықтар
0