Экономика

Бозымбаев бензин қымбаттайды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

© REUTERS / Mike BlakeБензин
Бензин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда АИ-80 бензині қымбаттайды деген ақпарат тарады

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев АИ-80 бензині шілде айынан бастап қымбаттайды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жанармай бекеті - Sputnik Қазақстан
Экономика
Елімізде дизель отыны қымбаттайды

Айта кетейік, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Энергетика министрлігі АИ-80 бензині бағасын мемлекеттік реттеудің күшін жоятын бұйрық дайындап жатыр деген ақпарат тарады. Маусым айының ортасында құжат Ұлттық экономика министрлігімен келісілген соң оны Әділет министрлігінде тіркеп, 10 күннен кейін ол күшіне енеді деп хабарланды. Осылайша, шілде айының басында Қазақстанда мемлекет бағасын реттейтін бірде-бір жанармай түрі қалмайды.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, АИ-80 бензинінің бағасына мемлекеттік реттеу болмайды деп айтуға әлі ерте.

"Бұл фейк ақпарат. Біз биылғы жылдың екінші жартысында мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялауды аяқтағаннан кейін АИ-80 бензиніне мемлекеттік реттеу болмайды деп айтқан болатынбыз. Сондықтан бұл туралы айтуға әлі ерте", — деді Бозымбаев БАҚ өкілдеріне.

Қазіргі уақытта АИ-80 бензині — мемлекет бағасын реттейтін жалғыз жанармай түрі. АИ-92 бензинін мемлекет 2015 жылғы қыркүйек айынан реттемейді. 2016 жылғы тамызда дизель отынының бағасы еркін айналымға жіберілді.
Сондай-ақ, АИ-80 бензині келесі жылдан бастап мүлдем шығарылмауы мүмкін. Өйткені 2018 жылдан бастап Қазақстан К4 және К5 стандарттарына өтеді.

Жаңалықтар
0