14:35 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Доллар

Парламент Азия даму банкінен $240 млн қарыз алу жөніндегі келісімді ратификациялады

© Sputnik / Михаил Кутузов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
24 0 0

Азия даму банкі "Ақтөбе-Мақат" автомобиль жолын қалпына келтіруге қарыз береді

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Парламент сенаты Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы қарыз жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Орталық-Батыс дәлізінің құрамына кіретін Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясы шекарасы (Астраханға баратын жол) автомобиль жолының Ақтөбе-Мақат жобасын қайта жаңғыртуға Азия даму банкімен қарыз туралы келісімді ратификациялау бойынша заң жобасын ұсынамыз. Аталған жоба екі учаскеге бөлінген. Оларды қаржыландыру көздері Азия Даму банкі (299 км) және Ислам даму банкі (156 км) қаражаты есебінен жоспарланғанын атап өтемін", — деп баяндады ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы 240 миллион АҚШ доллары сомасындағы қарыз туралы келісімге 2016 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылған. Қарыз 5,5 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда 18 жылға беріледі.  

"Бұл қаражат Ақтөбе мен Мақат елді мекендері арасындағы ұзақтығы 299 км болатын екі жолақты және екінші техникалық санаттағы жол учаскесін қайта қалпына келтіруге бағытталады. Учаскеде асфальт-бетон жамылғы, 11 көпір, 149 су өткізгіш құбырының құрылысы жоспарланған", — деді министр.  

Жоба 2017-2021 жылдары іске асырылмақ.


Загрузка...

Басты тақырып