Экономика

Астана вокзалдарында еріктілер ЭКСПО-ға келген жолаушыларға көмектеседі

© Photo : предоставлено пресс-службой КТЖпойыз
пойыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЭКСПО өткізу күндері жолаушыларға көмектесу үшін Астана темір жол вокзалдарына 60-дан астам еріктіні тарту жоспарланып отыр

АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. ЭКСПО халықаралық көрмесі кезінде 60 ерікті жас Астана теміржол вокзалында елордасына келген қонақтарға түрлі қызметтер көрсетеді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі. 

Астанада ЭКСПО қарсаңында экогаджеттер қалай жұмыс істейді - Sputnik Қазақстан
Видео
Астанада ЭКСПО қарсаңында экогаджеттер қалай жұмыс істейді
 

"Еріктілер қалаға тұңғыш рет келген қонақтарға билет сатып алу, көрмеге жету, қонақүйлер таңдау, такси шақыру  туралы анықтамалар беріп, жол көрсетеді",- дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ Магистральдық желі дирекциясының вокзал шаруашылығы жөніндегі директорының орынбасары  Абай Досанов.

Еріктілер 10 адамнан топталып, екі ауысымда 6 сағаттан,  таңғы 8:00 ден 20:00 сағатқа дейін қызмет етеді.

Еріктілердің  жолаушылар мен қала қонақтарына барынша мәдениетті қызмет көрсететін болады. Сондықтан да олар арнайы нұсқаулықтар бойынша біліктіліктерін көтеріп, шеберліктерін шыңдады. Сонымен қатар тіл үйренді.


Жаңалықтар
0