Экономика

Қайрат Келімбетовті БЖЗҚ қоғамдық кеңесінің отырысына шақырды

© Sputnik / Ксения ВоронинаБЖЗҚ-ның Астанадағы кеңсесі
БЖЗҚ-ның Астанадағы кеңсесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шақыру қағазын бүгін қоғамдық кеңестің төрағасы Евгений Сейпульник жіберді

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. БЖЗҚ директорлар кеңесінің жаңа мүшесі Қайрат Келімбетовті Евгений Сейпульниктің қоры жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысына шақырылды. 

Кеңес басшысы Бұрынғы Ұлттық банк басшысы, қазіргі АХҚО басқарушысы Келімбетовке екі сауал ғана қоюды көздеп отыр. Олар туралы бүгін аталған жолданым иесіне жіберілген ресми хаттан білуге болады. 

Қайрат Келімбетов - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк Келімбетовті Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарды

"Қоғамдық шу туғызған сіздің директорлар кеңесіне сайлануыңызға, сонымен қатар Сіздің қызметтік міндеттеріңіз бен "БЖЗҚ" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі қызметіндегі өкілеттігіңізге  қатысты жағдайды анықтау; Сізді директорлар кеңесіне тағайындау мақсатын түсіндіруге  байланысты Сізден Алматыда 2017 жылғы 23 маусымда өтетін Кеңестің келесі жоспарлы отырысына қатысуыңызды сұраймыз", — делінген хатта. 

Сонымен қатар, қоғамдық кеңестің алдағы отырысының күн тәртібі жарияланды. 

"Жиын барысында, сондай-ақ, ҚР Ұлттық банкінің Азербайжан Халықаралық банкімен 250 миллион АҚШ долларын құрайтын сомадағы зейнетақы активтерін банк облигацияларына инвестициялау туралы мәмілесіне қатысты мәселелер көтерілетін болады", — деп жазады Сейпульник Келімбетовке. 

Келімбетовтің жиынға қатысып қатыспайтыны туралы жауап әзірге алынбаған көрінеді. 


Жаңалықтар
0