Экономика

ЭКСПО-2017 сферасы мен Мұратхан Тоқмәдидің басқа да жобалары

© Sputnik / Болат ШайхиновНациональный павильон Казахстана на выставке ЭКСПО
Национальный павильон Казахстана на выставке ЭКСПО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан "ҚазШыныҚұрылыс" ірі кәсіпорынының қандай тапсырыстарды орындағанын анықтады. Кәсіпорын басшысы Мұратхан Тоқмәди 12 маусымда арнайы операция кезінде ұсталған

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Қазақстандық арнайы қызметтер дүйсенбі 12 маусым күні Қазақстанның ірі зауыты "ҚазШыныҚұрылыстың" директоры Мұратхан Тоқмәдиді Алматыдағы арнайы операция кезінде ұстады.

Отандық БАҚ мәліметіне сүйенсек, танымал бизнесмен ұзақ уақыт бойы "Депутатский корпус" қылмыстық тобын басқарып келіпті. 

 Sputnik Қазақстан, кәсіпкер басшылық еткен зауыттың қандай тапсырыстарды орындағанын анықтап, жүзеге асырылған жобалардың ауқымдығына қатты таңғалды. 

 "ҚазШыныҚұрылыс" компаниясының тікелей қатысуымен жасалған жобалардың ең бастысы — бүгінде бүкіл әлемге танымал ЭКСПО-2017 сферасы ("Нұр Әлем" павильоны). 

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәди и Зере Шәкерхан - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ұсталған кәсіпкер Тоқмәдидің қызы: әкем - адал бизнесмен

 "Әлемдік стандарттарға сай келетін, жоғары сапалы шыныпакеттер қолданылуда. Сфераның диаметрі 80 метр. Нысан жуырда салынып бітеді!", — деп сендірген еді зауыт маркетологтары 2017 жылы ақпанда. 

"ҚазШыныҚұрылыс" зауыты  Алматыдағы "Мега", "Мега 2", AFD Plaza, Dostyk Plaza, Республика Даңғылы, Қуыршақ театры, Алматы Арена, Kegoc, Ұлттық музей,  Мюзикл холл, Тараздағы Спорт сарайы, Бішкектегі "Дамас" қонақ үйі секілді көптеген ғимараттарды шынылаған.   

"Шынылауда сандық түсті баспа технологиясы пайдаланылған. Бұл ғимараттың онсыз да тартымды бейнесін одан да көріктендіреді", — деп атап өтті "ҚазШыныҚұрылыс" компаниясында. Зауыт қуаттылығы жағынан тиімді шыныпакеттері, триплекс, шыңдалған шыны, шыны қалқан, есіктер, себезгі кабинасы, сонымен қатар шыныға керамикалық түсті бояулармен басады. Қазіргі уақытта басшысы ұсталғаннан кейін "ҚазШыныҚұрылыс" зауыты бұрынғы тәртіпті жұмысын жалғастырып жатыр. 

"Кестеде ешқандай өзгеріс жоқ, тапсырыстар қабылданып / орындалып/ жөнелтіліп жатыр. Біз бұрынғыша Қазақстандағы шыны өндіретін ірі компаниямыз. Біздің зауытта ғана өндірілген өнімнің жоғары сапасына кепіл беретін әлемдік өндірушілердің үздік жабдықтары бар", — делінген компанияның сайтында. 

БАҚ-та Мұратхан Тоқмәдидің ұсталғаны туралы ақпараттың жарияланғанына бір тәуліктен астам уақыт өткеніне қарамастан, құқық қорғау органдары әлі кәсіпкердің ұсталғаны туралы ақпаратты растаған жоқ.  


Жаңалықтар
0