Экономика

Алматыда өтетін инновациялық форумның спикері робот болмақ

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуробот
робот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Инновациялық форумның ұйымдастырушылары ерекше шешеннің "баяндама" тақырыбын құпия ұстап отыр

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Алматыда 30 маусымда өтетін алтыншы Инновациялық форумға ерекше спикер қатысады. Іс-шара шешендерінің бірі робот болмақ, деп хабарлайды "SUCCESS K" стратегиялық коммуникациялар агенттігінің бас директоры Ләззат Көккозова. 

"Өкінішке орай, оның жалпы отырысқа қатысуына дейін ол туралы ештеңе айта алмаймын. Айтарым жалғыз – ол осы алаңда сынап көргіміз келіп отырған шынайы инновациялық технология. Оны жасау мен жүзеге асыруға израильдік және америкалық технологиялар тартылды", — деді Көккөзова брифинг барысында. 

Ұйымдастырушылар сондай-ақ "баяндама" тақырыбын құпия ұстап отыр. Инновациялық форумның негізгі тақырыптары "Индустрия 4.0" тұжырымы, сандық экономика, инновациялық жүйелерді құру, сонымен қатар Smart City технологиясын енгізу болмақ. 


Жаңалықтар
0