Экономика

Министр Ресейдің вагондарын елге кіргізуге неге тыйым салынғанын түсіндірді

© АО "НК "Қазақстан темір жолы"Вагондар
Вагондар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан отандық инфрақұрылымға сәйкес келмейтін ресейлік вагондарды елге кіргізуге тыйым салды

АСТАНА, 27 маусым- Sputnik. ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Ресейдің инновациялық вагондарын кіргізуге неге тыйым салынғанын  түсіндірді.

"Бұл стандарттармен байланысты. Қазақстанға кіру үшін белгілі біл стандарттарға сәйкес келу керек.  Біздің жылжымалы құрамға да осындай талап қойылады. Сондықтан тиісті талаптарға сәйкес шаралардан өту  керек", — деді Қасымбек БАҚ өкілдеріне. 

"Осыдан кейін ешқандай шектеулер болмайды. Ақпаратты кеше ғана алдық, сондықтан осы мәселемен айналысып жатырмыз", — деп атап өтті министр. 

Теміржол, вагондар - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстан Ресейдің инновациялық вагондарын кіргізбей қойды

Айта кетейік,  "Коммерсантъ"  газеті Қазақстанның отандық инфрақұрылымға сәйкес келмейтін ресейлік  вагондарды елге кіргізуге тыйым салғанын хабарлаған болатын. "Ресей темір жолдары" компаниясы қазақстандық әріптестерінен 23,5 тоннадан астам жүктемемен инновациялық вагондардың қатынауына инфрақұрылымның дайын еместігі туралы жеделхат алған. 

Басылым бұл тыйым салу Қазақстан сатып алған бес мыңнан астам қытайлық вагондарды ресейлік рельстерге жібермеуге жауапты шара болуы мүмкін деп жазған еді.

Жаңалықтар
0