Экономика

Қазақстанда атом электр станциясы қайда салынады?

© Sputnik / Виктор ТолочкоАЭС
АЭС - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атом электр станциясын салу туралы шешім 2018 жылдың соңына дейін қабылданады. Бұл туралы Қазақстан энергетика министрлігі атом энергиясы және өнеркәсіп департаментінің директоры Батыржан Қаракөзов "Жарқын энергетикалық болашақ үшін ядролық энергетика әлеуеті" атты МАГАТЭ сессиясында айтты.
Когда в Казахстане появится АЭС

"Қазіргі таңда атом электр станциясы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып жатыр, 2018 жылдың соңына дейін АЭС салу туралы шешім қабылданады", — деп атап өтті атом энергиясы және өнеркәсіп департаментінің басшысы. 

АЭС салу орны МАГАТЭ талабы бойынша таңдалды, қазір екі жер белгіленген – Курчатов қаласы мен Балқаш көлі маңындағы Үлкен ауылы. 

Жаңалықтар
0