Экономика

Назарбаев: біз үшін Қытайдың орасан зор нарығы ашық

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев ШҚО-ға жұмыс сапары
Нұрсұлтан Назарбаев ШҚО-ға жұмыс сапары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстанның шаруаларымен кездесіп, саланың келешегі туралы сөз қозғады

АСТАНА, 14 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында ірі сүт-тауарлы фермада болып өңір шаруаларымен әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Зауыт - Sputnik Қазақстан
Экономика
Made in Kazakhstan: Қытай Қазақстанда өндіріс ашады

"Шығыс Қазақстан облысы экономикамыздың аграрлық секторында ертеден қалыптасқан берік дәстүрге ие. Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті зор, болашақта бұл салаға деген сұраныс арта түседі. Қазір біз үшін Қытай Халық Республикасының орасан зор нарығы ашық, сіздер шығаратын өнім шет елдерге экспорттала алады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар елбасы құрылыстың заманауи талаптарына сай салынған "Нұрлы жол" саябағында болды. Аумағы 5 гектар болатын саябақтың ортасында Қазақстан халқының бірлігіне арналған монумент бой көтерген. 

Эйр Астана ұшағы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстандықтар Қытайға күнде ұшу мүмкіндігіне ие болды
  

Қазақстан Президенті облыс аумағында жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарының нәтижелері қойылған археологиялық көрмені аралап көрді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен танысты.

Соңында Елбасы өңірдегі этномәдени бірлестіктер және жұртшылық өкілдерімен әңгімелесіп, олар Мемлекет басшысына облысқа ұдайы көрсетіп отырған қамқорлығы үшін алғыс айтты. 


Жаңалықтар
0