Экономика

Биыл Қазақстанда қай жолдар ақылы болады?

© SputnikАқылы жол
Ақылы жол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда осы жылдың соңына дейін төрт автожол ақылы болмақ

АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Қазақстанның инвестиция және даму министрлігі сейсенбі күні үш республикалық автожолмен жүру үшін ақы төлеу жүйесінің қашан пайда болатынын айтты.

ұшақ, аспан - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қасымбек: ұшақ билеттері арзандайды

Қазіргі уақытта Астана-Бурабай автожолымен жүру үшін ақы төленеді, жол жүру ақысы километріне бір теңгеден аспайды әрі жинақталған қаражат, инвестиция және даму министрлігі мамандарының айтуынша, жолдың сапасын жоғары деңгейде сақтауға жеткілікті. Мұндай тәжірибені республика бойынша кеңейтіп, басқа да жол учаскелеріне енгізу жоспарланған: сейсенбі 25 шілдеде ИДМ басшысы үкімет отырысы барысында жаңа ақылы автожолдардың қайда әрі қашан пайда болатынын айтып берді.

Енді орталық және оңтүстік өңірлерде ақылы жүйе енгізіледі

Қасымбектің мәліметінше, Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай және Алматы – Қорғас жолдарында биыл желтоқсан айынан бастап ақы төлеу жүйесі енгізілмек. 

"Биыл біз Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай жолдарында ақы төлеу жүйесін реттеуге кірістік, сонымен бірге екінші жартыжылдықта Алматы – Қорғас жолында ақы төлеу жүйесін жөндеу қарастырылған… Жыл соңына қарай бұл учаскелерде жүйені іске қосқалы отырмыз", — деді министр.

Қазақстандағы алғашқы ақылы Астана-Щучинск автобанының ұзындығы 200 шақырым, демек жүргізушілер 200 теңге төлеуге міндетті.

Асқар Мамин  Астана-Теміртау автобанын тексерді - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Вице-премьер Астана-Теміртау автобанын тексерді

Жаңа учаскелердегі баға да сәйкесінше болмақ: Астана – Теміртау тас жолы 132 шақырымды құрайтынын ескерсек, бір шақырым бір теңге тұрғанда, бұл учаскемен жүріп өту бағасы 130 теңге көлемінде болады.

Алматыдан Қапшағайға дейінгі жол ұзындығы 42 километр, сол себепті бұл учаскеде де баға онша қымбат бола қоймайды.

Ал ең "қымбат" жол Астана-Қорғас болады, өйткені бұл жолмен жүріп өткен жүргізуші 300 теңге төлеуі тиіс. Бірақ кей тас жолдарда жол жүру бағасын өсіретін немесе төмендететін коэффициенттер енгізілуі мүмкін: Алматы-Қапшағай тас жолының сапасын қадағалап сақтауға, ақылы жүйе арқылы түсетін қаражаттан көбірек сома кетуі мүмкін.

Шетел ақша жинауға көмектеседі

Бұл мәселенің шешілуі болашақтың еншісінде. Оның үстіне, елімізде жалпы ұзындығы 6,5 мың километр бірнеше ақылы автожол пайда болуы мүмкін.

көпжолақты жол - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Rolls-Royce иесі Астана-Алматы тас жолының қорқынышты учаскесін көрсетті

Қасымбектің сөзіне сүйенсек, биылғы жылдың соңына дейін ақы төлеу жүйесін 5,5 мың километр жолға енгізу жоспарланған (Қапшағай-Талдықорған, Астана — Қостанай – Ресей шекарасы, Павлодар  - Ресей шекарасы, Ақтөбе — Орал Ресей шекарасы, Атырау — Доссор, Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы, Ресей шекарасы — Ақтөбе — Қызылорда, Тараз — Қайнар, Щучинск – Көкшетау – Петропавл – Ресей шекарасы, Орал – Ресей шекарасы, Астана — Павлодар, Ақтау — Бейнеу, Қызылорда – Шымкент — Тараз, Шымкент – Өзбекстан шекарасы).

Министрдің айтуынша, ақы төлеу жүйесін енгізіп, оны әрі қарай пайдалану үшін әлемдік деңгейдегі компанияларды (Kapch, FETC, РТ-Инвест) инвестор ретінде тарту жоспарланған, бұл жерде Еуропалық реконструкция және даму банкі тарапынан да қосымша қаржыландыру жүргізіледі. Қазіргі уақытта "ҚазАвтоЖол" ЕРДБ-нен 150 миллион доллар қарыз алу бойынша жұмыстар атқарып жатыр.

2017 жылы "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында ақылы және ақысыз қолданысқа арналған, ұзындығы 4,4 мың километр 22 автожол жобасы қарастырылған. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан, республикалық бюджеттен және халықаралық қаржы институттары желісінен 356 миллиард теңге бөлінген. ИДМ басшысы сөзіне жүгінсек, бірінші жартыжылдықта жүзеге асырылған жобалар бойынша 112 миллиард теңге игеріліпті.

"Нурлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл бірінші және екінші техникалық категориялар бойынша 600 километр жолды аяқтау жоспарланған. Оның ішінде Бейнеу – Ақтау және Алматы-Талдықорған автожолдары толығымен жөнделіп бітуі тиіс", — деп қорытты ол.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев өз кезегінде атап өткендей, қазіргі уақытта жол құрылысына бөлінген қаражаттың үштен бірі ғана игерілген, негізгі бөлігі екінші жартыжылдыққа қалып отыр. Сол себепті үкімет басшысы автожолдардың уақытылы пайдалануға берілуін "қатаң" қадағалауды тапсырды. 

Жаңалықтар
0