Экономика

ҚР Ұлттық банкі Delta Bank-тің депозиттер қабылдауға лицензиясын тоқтатты

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтукеңсе қызметкерлері
кеңсе қызметкерлері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шешім банк заңнамасын бұзғаны үшін қабылданды

АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. ҚР Ұлттық банктің қаулысымен 2017 жылғы 1 қарашаға дейін жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға лицензиясы тоқтатылды.

"Delta Bank" АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясын тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі №152 қаулысымен 2017 жылғы 4 тамыздан бастап қоса алғанда 2017 жылғы 1 қарашаға дейін "Delta Bank" АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатыла тұрады", — делінген Ұлттық банктің хабарламасында. 

Бұл шешімді Ұлттық Банк Банктің банктік заңнама талаптарын жекелеген бұзушылықтарына қадағалаушылық реттеу және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 48-бабының 1-тармағы в) және г) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамау және үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін ішкі бақылау жүйелерін жақсарту қажеттілігі шеңберінде қабылдады.

Лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке және заңды тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады және Банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ. 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша "Delta Bank" АҚ жеке тұлғаларының қабылданған депозиттерінің көлемі 0,25 млрд. теңгені, заңды тұлғалардың депозиттері 85,6 млрд. теңгені құрайды. Банктің депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,5%-ын құрайды.


Жаңалықтар
0