04:18 20 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
кремний

АҚШ Қазақстаннан кремний жеткізетіндерге қарсы баж салығын енгізуі мүмкін

© Foto: сайт компании Tau-Ken Temir
Экономика
Қысқа сілтеме алу
37 0 0

АҚШ сауда министрлігі қазақстандық кремний экспорттаушыларын мемлекеттен субсидия алуда және жосықсыз бәсекелестікте айыптап отыр

АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Америкалық билік қазақстандық кремний жеткізушілер өз үкіметінен субсидия алады деп есептейді. Бұл жеңілдіктер баж салығы есебімен өтелуі тиіс, деп мәлім етті АҚШ сауда министрлігі. 

"АҚШ сауда құқығын орындау Трамп әкімшілігінің басымдық бағыты болып табылады. 20-нан 8 тамызға дейін 64 антидемпингтік тергеу жүргізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға жоғары", — деп мәлім етті АҚШ сауда министрі Уилбур Росс. 

Осылайша, АҚШ жосықсыз бәсекелестікпен, атап айтқанда демпингпен – сыртқы нарықтарды игеру мақсатында тауарларға бағаны жасанды түсірумен күресу мақсатында баж салығын енгізуді көздеп отыр. 

АҚШ сауда министрілігінің сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, қазақстандық компания Tau-Ken Temir және "KazSilicon" металлургиялық комбинаты өздерін тәуелсіз көздердің қолдайтынын көрсеткен. Қазіргі уақытта АҚШ билігі бұл ақпаратты тексеріп жатыр. 

Алдын ала деректерге сәйкес, АҚШ 120% мөлшерінде баж салығын енгізуі мүмкін. Тексерудің ақырғы нәтижелері 19 желтоқсанда жарияланатын болады. 


Басты тақырыптар