02:05 19 Тамыз 2017
Тікелей эфир
Архивное фото работника биржи

KASE: доллар мен рубль бағамынан нені күтуге болатыны түсінуге тырысып жатырмыз

© Sputnik / Руслан Кривобок
Экономика
Қысқа сілтеме алу
11 0 0

Шілдеде қазақстандық банктер долларды аз сатып алып, рубльмен белсенділікті арттырды. Бұл жаңа трендке KASE сарапшылары түсінік таба алмады

АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Соңғы уақытта  қатты өзгеріп отырған валюта бағамы Қазақстан қор биржасының осы жылғы үшінші есептік конференциясының назарына болды. 

KASE вице-президенті Андрей Цалюк қазір қазақстандық валюта нарығында дүрбелең үшін ешқандай негіз жоқ екенін мәлімдеді. Теңге құбылмалылығы, оның айтуынша, сыртқы факторлармен байланысты болды, бірақ халықтың дүрбелеңінен өршіп кеткен. 

"Теңге құбылмалылығы… бәлкім, негізгі фактор болар – бұл антиресейлік факторлар, оның үстіне бұл санкциялардың ықпалы рубль бағамына салынғанына нық сенімдімін, ол расталды да – бүгін мен рубльдің бір долларына 60 рубльден төмен болғанын көрдім", — деген Цалюк "Ресейдегі тамыздық бағамдық өзгерулер" Қазақстандағыдай ажиотаж туғызбағанын айтты. – Ресей халқы бұл дүниелерге байсалдықпен қарайды, ал біздің халық аса сабырлық танытпай, эмоцияға берілді". 

Оның пікірінше, алдағы екі ай бойы антиресейлік санкциялар мен біздің Ресейге ықпалдығымызға байланысты дүрбелеңді өршітіп отырған БАҚ кінәлі екен.  "Нәтижесінде ішкі фактор пайда болды, яғни жоғары сұраныстың белгілі бір элементі. Біз бұл сұранысты жарты миллиард долларға дейін сауда көлемінің өсімі түрінде сездік", — деп хабарлады Цалюк.

KASE-де атап көрсетілгендей, қазір жағдай тұрақталған. Төменге қарай жеткілікті жылдам, әрі күрт коррекция мұнайдың арқасында болды. Мұнай бағасы дер кезінде қымбаттап, теңгенің күрт құнсыздануынан құтқарып қалды. 

"Бұл қозғалыстың көбіне алып-сатарлық болғанын білдіреді, және де жаңын арада доллар-теңге бағамындағы құбылмалылық енді ондай үлкен болмайды", — деген сенімде Цалюк. 

KASE  вице-президенті назар аударған тағы бір қызықты тенденция бұл күнделікті биржаның әдетті емес валюта саудасы көлемі. 


Басты тақырыптар