Экономика

ЭКСПО тамақ пен кәдесый сатудан 1 миллиард теңгеге жуық пайда түсірді

© Sputnik / Ксения ВоронинаЦена на выпечку павильон России на территории ЭКСПО
Цена на выпечку павильон России на территории ЭКСПО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы көрмеде кәдесый сатудан түскен қаражат сомасын жариялады

АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Астанадағы ЭКСПО көрмесінде тауар айналымының жалпы сомасы көрме өткен екі ай ішінде 905,7 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ. 

"10 маусымнан 14 тамызға дейін жалпы құны 131 767 992 теңге тұратын 84 495 дана лицензиялық өнім сатылған. Көрме жұмыс істеген екі айда 537,8 тонна өнім жеткізілген. Халықты аспен қамту бойынша – қызмет көрсетілген келушілер саны 558,7 мың адам. Тауар айналымының жалпы сомасы 905,7  миллион теңге", — деп атап өтті ЭКСПО баспасөз қызметі. 


Жаңалықтар
0