Экономика

"Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы тағайындалды

Жазылу
Орман Нұрбаев "Қазақстан инжинирнг" басшысы қызметінде Еран Ыдырысовтың орнын басты

АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Орман Нұрбаев "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты. 

Орман Нұрбаев Красноярск ӘШҚҚ радиоэлектроника жоғарғы командалық училищесін инженер мамандығы бойынша және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару жоғарғы мектебін халықаралық қатынастар саласында тәмамдаған.

Түрлі жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде, сонымен қатар шетелдердегі бірқатар қазақстандық мекемелерде қызмет еткен.

Осы тағайындауға дейін ҚР-ның Түркіменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.


Жаңалықтар
0