Экономика

Зор үміт: Солтүстік Қазақстанда астық жинау науқаны басталды

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуастық жинау
астық жинау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалыптасқан дәстүрге сәйкес Солтүстік Қазақстан облысында Алқап күніне орай орақ науқаны басталды

АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. Солтүстiк Қазақстан облысында астық жинау науқаны басталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыс әкімдігінің баспасөз қызметінде. 

Тайынша ауданында өткен алқап күнi дәстүр бойынша орақ науқаны басталар сәтте ұйымдастырылды. Солтүстiк Қазақстан облысында 2017 жылдың орақ науқанын ұйымшылдықпен өткiзу туралы облыстық семинар-кеңес өттi. Оған өңiр басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.

Назарбаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Елбасы Ақмола облысының шаруаларымен кездесті

Облыстық семинар-кеңес аясында облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаров 2017 жылдың орақ науқанын ұйымшылдықпен өткiзу туралы айтып бердi.

"Жедел мәлiмет бойынша 23 тамызға дейiн 400 мың гектар алқаптың дәндi дақылдары дестеге түсiрiлдi немесе 14%, оның 220 мың гектары бастырылды немесе 7,4%-ы. Жиналған астық 310 мың тонна, әр гектардан 14,1 центнерден өнiм алынуда. Осы уақытта 63 мың гектардың майлы дақылдары шабылды немесе 9%, 5,4 мың гектары бастырылды немесе 0,8%. Жиналғаны 4,3 мың тонна, гектар берекелiлiгi — 8 центнер", — дедi Айдарбек Сапаров.

Мал шаруашылығы саласында жыл басынан берi өнiм өндiрiсiнiң көлемi 2-ден 12 пайызға, мал саны 7 пайызға өстi.

Урожай зерна - Sputnik Қазақстан
Экономика
АШМ: Қазақстан рекордтық астық жинады

2017 жылдың 7 айында 26,4 мың тонна ет өндiрiлiп, 5,2 мың тоннасы ұқсатуға жiберiлдi немесе 20%-ы. 322,7 мың тонна сүт сауылып, 110 мың тоннасы өңдеуге жiберiлдi немесе 34%-ы.

2017 жылдың орақ жұмыстарын жүргiзудiң ерекшелiгi туралы "Солтүстiк Қазақстан тәжiрибе станциясы" ЖШС директоры Белгiбай Қанафин ақпарат бердi.

"Үстiмiздегi жылғы көктемгi ылғал қоры ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуiне және дамуына қолайлы жағдай жасады. Жауын-шашынның орташа айлық көлемi 52 мм. болды. Ол ұсынылған себу мерзiмiнiң ауытқуына әсер еткен жоқ»", — дедi Белгiбай Қанафин.

Жүк вагондары - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстан Қытай арқылы Вьетнамға астық жөнелтті

Солтүстiк Қазақстан ауа райын болжау орталығының директоры Қымбат Мерғалымова өңiрде тамыздың үшiншi тоқсаны мен қыркүйек айларының ауа райы болжамы туралы сөз қозғады.

Семинар-кеңестi қорытындылай келiп, Құмар Ақсақалов майлы дақылдардың алқабын көбейту, еңбекақыны өсiру және салық төлеу, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, сол сияқты қосалқы шаруашылықтардың өнiмiн өткiзу жөнiнде аудандардың әкiмдерi мен агроқұрылымдардың басшыларына бiрқатар тапсырма бердi.

"Бiз тұрғындар өсiрген өнiмдi кооперативтер құру арқылы өткiзуге қол жеткiзуiмiз керек. Бiздiң мiндетiмiз — сiздермен бiрге барлық жағдайда адамдарға көмектесу", — дедi Құмар Iргебайұлы.


Жаңалықтар
0