17:05 24 Қараша 2017
Тікелей эфир
Жанармай құю бекеті

Эксперттер осы күзде бензиннің кезекті қымбаттауын болжайды

© Sputnik / Игорь Зарембо
Экономика
Қысқа сілтеме алу
51 0 0

Жанармай қымбаттауының алғашқы белгілері оның тапшылығы. Қыркүйектің басынан бастап Қарағанды облысының үш қаласында жанармайды сатып алу мүмкіндігі болмаған.

АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Бензиннің тапшылығы Жезқазған, Сәтпаев және Ұлытауда орын алды. Жанармай құю бекеттерінде орын алған тапшылығын, жауапты шенеуніктер мұнай өңдеу зауыттарының екеуі бірдей жоспарлы түрде жөндеу жұмыстарына жабылуы деп түсіндіріп, тез арада жағдайды дұрыстауға уәде берді. 

Алайда, осы арада тағы да қосымша мәліметтерге сәйкес бензин нарығының эксперттері елде жанармай тапшылығы орын алып, бағаның қымбаттауын болжайды. 

"Қазақстанда бензин "еркін айналымға" түскелі бері жанармай бағасын нарық белгілейді, мемлекеттің бұл мәселеге қатысы жоқ. Сондықтан олар бензиннің қымбаттауына түсініктеме бермейді", — дейді мұнай-газ саласының эксперті, экономист Сергей Смирнов. 

— Әдетте Қазақстанда бензин жылына екі рет қымбаттайды – көктемде және күзде және осыған орай көптеген эксперттер мұны маусымдық фактор деп түсіндіреді. Осыған дейінгі қымбаттау көктемде орын алған еді…

— … ал қазір күз мезгілі – астық жинау, демалыстан қайту, машинасы бар студенттердің оқуға оралу… сұраныс артқан кезде – баға да өседі. 

— Яғни, шын мәнінде нарықтағы орын алған жағдай жанармайдың қымбаттауына әкелетін себептері бар ма?

— Қазақстанда ондай себептер үнемі болады. Бірақ, менің ойымша ең басты себеп маусымдық болып табылады. Дегенмен, жанармай бағасы инфляцияның қуып жетуде: жылдың басынан бері бензин орта есеппен алғанда 4,3%,  дизель – 11,1%  қымбаттады. Ал, ресми инфляция мәліметтеріне сәйкес 6-8% аралығын құрайды. 

— Қалай ойлайсыз, осы күзде бензин қаншалықты қымбаттауы мүмкін?

— Бағаның көрсеткіші қандай болатыны туралы бірден айту қиын. Себебі, біздегі мұнай өнімдерін сату бағасы Қазақстандық жанармай ассоциациясы тарапынан бақыланады да, мемлекеттік формулаға сәйкес реттеліп отырады. Нақты белгілеулердің болмауы жанармайдың көтерме саудасымен айналысатындар үшін тиімді болып отыр. 


Басты тақырыптар