17:13 24 Қараша 2017
Тікелей эфир
талықлау

Ұлттық экономика министрлігіне заң жобасы презентациясына дұрыс дайындалмағаны үшін сын айтылды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
16 0 0

Депутаттар барлық негізгі мәселелерді айқындайтын "лайықты құжаттың" ұсынылуын күткен

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Мәжіліс депутаты Майра Айсина ұлттық экономика министрлігінің "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" кодекстің жобасы презентациясына дұрыс дайындалмағанын айтты.

"Менің ойымша, Кедендік кодекс – бұл аса күрделі құжат, сондықтан ұсынылған слайдтар барлық мәселені ашық көрсетпейді, сол себепті көпшіліктің көкейінде көптеген сұрақтар туындады. Меніңше, министрлік біраз жұмыс атқарып, презентация кезінде осы құжаттың барлық негізгі мәселелерін айқындайтын лайықты жоба ұсынуы тиіс еді. Айтар тілегіміз біреу, көп жағдайда мәселенің түн негізі заңға қосымша актілерде болады, сондықтан қарастырылған құжатпен бірге, өздеріңіз сілтеме жасайтын заңға қосымша бүкіл актілердің жобасын енгізіңіздер", — деді мәжіліс депутаты Майра Айсина жоба презентациясында.

Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов түсіндіріп өткендей, заң жобасының басты мақсаты – бизнеске түсетін әкімшілік ауыртпалықты азайту. Ол, сонымен қатар, бизнестегі үш маңызды көрсеткішті атап өтті: уақыт, ақша, құжаттар.

Айбатыр Жұмағұлов заң жобасындағы жаңалықтар туралы сөз қозғап, кедендік реттеуде жаңа ұстаным қолданылатынын айтты: кедендегі бизнес процестерді автоматтандыру. Электронды декларациялау енгізілмек. Құжаттағы декларациялау техникалық ақау сияқты дербес жағдайларда ғана қолданылатын болады.

Басты тақырыптар