Экономика

Теңге күшеюі мүмкін бе? Ақышев доллар бағамына қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Серикжан КовланбаевДанияр Ақышев
Данияр Ақышев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банк төрағасы доллар бағамы күрт өспейді деп отыр

АСТАНА, 26 қыркүйек  — Sputnik. Қазір макроэкономикалық жағдай тұрақты, сондықтан валюта айырбастап, пайда көргісі келгендер ұтылып қалады, деп мәлім етті Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Доллар - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстандықтар тамызда екі есе көп доллар сатып алған

Ақышев доллар бағамына және ұлттық валютаның әлсіреуіне алып келуі мүмкін алғышаттар туралы сұраққа жауап бере отырып, қазіргі жағдайдың тұрақты екенін мәлім етті. Мұнай-газ, көмір бағасы көтеріліп келеді, тиісінше елге келетін валюталық түсім артатын болады. Сондай-ақ, оның айтуынша, сауда серіктестерімізде де жағдай тұрақты. 

"Алаңдауға негіз жоқ. Осы нарықта пайда көргісі келетін азаматтар мен кәсіпорындарға тағы да қайталап айтарым, валюта бағамы өзгерген кезде айырбастау бекеттеріне жүгіріп, одан табыс табуға тырысудың еш қажеті жоқ. Өйткені ұтылып қалуыңызға болады. Себебі макроэкономикалық жағдай жақсы, теңге бағамы күшеюі де әбден мүмкін. Сондықтан қазір валюта сатып алып жатқандар ұтылады", — деді Ақышев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Айта кетсек, осыған дейін Ұлттық банк тамызда шілде айымен салыстырғанда доллар 2,2 есе көп сатып алынғанын хабарлаған еді.

Жаңалықтар
0