11:18 20 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD376.40
  • EUR427.36
  • RUB5.86
Жанармай бекеті

Бозымбаев бензин бағасы неге байланысты болатынын айтты

© Sputnik / Алексей Сазонов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Елдегі жанармай "жыры" (14)
128 0 0

Энергетика министрлігі бензин бағасы қашан тұрақталатынын хабарлады

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. АИ-92 бензинінің бағасы жыл соңына қарай тұрақталады, деп хабарлады энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

"АИ-92  бензині бойынша импорт үлесін қарашада 30%-ға және желтоқсанда 20%-ға қысқартуды жоспарлап отырмыз. Қазан айының соңында жағдай қалыпты болып, қараша, желтоқсанда бензин бағасы тұрақталады деген ойдамыз", — деді Бозымбаев үкімет отырысында. 

Бұл ретте премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бензин бағасы қалай болатынын сұрады.

"Сіз қараша, желтоқсанда 20 %-ға дейін импортты қысқартамыз дедіңіз. Солай ма? Ал бензин бағасы төмендей ме?", — деп сұрады Сағынтаев.

"Баға тұрақталады", — деп жауап берді министр.

"Егер импорт қысқарса, бағасы да арзандауы тиіс қой?", — деп тағы сұрады үкімет басшысы.

"Бәрі осы 20%-дың бағасы Ресейде қалай болатынына байланысты. Еге қазіргідей тоннасы 560 доллар деңгейінден болса, онда ішкі нарықта бензин бағасы төмендеуі мүмкін. Егер баға көтерілсе, осы жиырма пайыз да ықпал етеді", — деді Бозымбаев. 

Сағынтаев ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке монополияға қарсы қызметтердің жағдайға мониторинг жасап отыруын тапсырды.

Министрдің ақпараты бойынша республика бойынша АИ-92 бензинінің орташа бағасы қаңтарда литрі 135 теңге болды, қыркүйекте оның бағасы 150 теңгеге дейін өсті. АИ-92 бензині бойынша импорт үлесі шілде айында 15% болса, қыркүйекте 30%-ға жетті. Бұл еліміздегі мұнай өңдеуші зауыттардағы жөндеу жұмыстарына байланысты, салдарынан ресейлік қымбат бензин ішкі нарықта оның қымбаттауына әкеп соқты.

Тақырып:
Елдегі жанармай "жыры" (14)
Загрузка...

Басты тақырыптар