07:42 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Теңге

2006 жылғы қағаз ақшаларды банктер қабылдамайтын болды

© Sputnik /
Экономика
Қысқа сілтеме алу
95 0 0

2006 жылы шыққан екі, бес және он мың теңге банкноттарды екінші деңгейлі банктер айырбастамайтын болды

АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. 3 қазаннан бастап екінші деңгейлі банктер 2000, 5000, 10 000 теңге номиналды банкноттарды айырбастауды тоқтатты, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Ұлттық банк атап өткендей, "бұл банкноттар Ұлттық Банк филиалдарында 2020 жылғы 3 қазанға дейін қабылданатын болады және айырбастау үшін ешқандай комиссия төлеудің қажеті жоқ".

Сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық банк қаржы қызметтері мен сыртқы коммуникацияларды тұтынушылар құқығын қорғау бойынша басқармаға хабарласуды сұрады: +7 (727) 2788 058, 2619-234, 2704-585 және қолма-қол ақша басқармасына да хабарласуға болады +7 (727) 270 45 69.

Басты тақырыптар