08:10 17 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Қайрат Келімбетов

Келімбетов Назарбаевқа есеп берді

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
12 0 0

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы жоғары технологиялық биржаның құрылу барысы жайлы баяндады

АСТАНА, 10 қазан — Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетовпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Келімбетов Нұрсұлтан Назарбаевқа АХҚО тәуелсіз сотының және халықаралық арбитражды орталықтың нормативті құжаттарын дайындау жұмыстарының аяқталғаны жайында баяндады. Оның ашылуы 2018 жылдың қаңтар айына жоспарланған. 

"АХҚО басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Шанхай қор биржасы мен Nasdaq Inc компаниясымен келісім бекітілген. Олар қаржы орталығының қалыптасып, одан ары дамуына ықпал ететіні сөзсіз", — деп жазады Ақорда.

Сондай-ақ, Қайрат Келімбетов Нұрсұлтан Назарбаевқа орталықтың негізгі бағыттары мен АХҚО жоғары технологиялық биржаның құру барысы жайын баяндады.
Келімбетовтің есебін тыңдаған соң, Қазақстан Президенті оған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Басты тақырыптар