Экономика

ҚР тек бір құрылыс компаниясына үлескерлер қаражатын қолдануға рұқсат етілді

CC0 / Mabel Amber / Құрылыс
Құрылыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрғын үй құрылысының кепілдік қоры жылдың соңына дейін шамамен 10 объект кепілдік алады деп үміттенеді

АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. 40 құрылыс компаниясының тек біреуі ғана тиісті құжаттарды ұсынып, үлескерлердің қаржысын құрылысқа тартуға құқық алды, деп хабарлайды "Тұрғын үй құрылысының кепілдік қоры" АҚ басқармасының төрағасы Дәурен Оңаев. 

Асанов, бері шық!: үлескерлер Бас прокуратура алдына пикетке шықты - Sputnik Қазақстан
Видео
"Асанов, бері шық!": үлескерлер Бас прокуратура алдына пикетке шықты

"Бірқатар компаниялар кепілдік төлемнің жоғары көрсеткішін ұсынған. Ол 2 ден 6 %-ға дейінгі аралықта болды. Біз бірден бұл көрсетішті қайта қарауға ұсыныс жасадық. Бір жыл ішінде атқарылған жұмыстың қортындысы бойынша, біздің қор екі объектіге кепілдік берді. Құрылыс жұмыстары биыл жүргізіліп жатыр. Қордың кепілдігін Астанадағы "Миллениум парк" ТК және Алматыдағы "Легенда" ТК бірінші кезегі иеленді.  Екі құрылыс объектісі де  "Корпорация "Базис-А" ЖШС жобалары болып табылады, — деп хабарлады Оңаев орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде. 

Неліктен бір ғана компания кепілдікке ие болды деген сұраққа, Оңаев, дәл осы компания қысқа мерзім аралығында талапқа сәйкес қажетті құжаттарды ұсынғанын алға тартты. 

Үлескерлер Әсет Исекешевпен кездесті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әкімдіктегі дүрлігу: үлескерлер Әсет Исекешевтен не талап етті?

Оған қоса, Астана мен Алматымен қатар, еліміздің басқа өңірлерінде де кепілдікке ие бола алатын өтініш беруші компаниялар да бар екені атап өтілді.

"Біздің есебіміз бойынша, жылдың соңына дейін шамамен 10 объект кепілдік алуы мүмкін. Әрине, бұл объектілердің дайындығына және олардың талапқа сай келуіне қатысты болады", — деп нақтылады басқарма төрағасы. 

Брифинг барысында Дәурен Оңаев 2016 жылы 10 қазанда "Тұрғын үй құрылысындағы үлескерлік туралы" ҚР Заңы қолданысқа енгізіліп, сол күннен бастап Тұрғын үй құрылысының кепілдік қоры өз жұмысын бастағанын еске сала кетті.


 

Жаңалықтар
0