07:35 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Көмір тиелген вагондар

ҚТЖ: қоймадағы көмір жеткілікті, оның тапшылығы қолдан жасалып отыр

© Sputnik / Павел Лисицын
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Елдегі жанармай "жыры" (14)
137 0 0

Көмір тасымалдаушылары алып-сатарлар бағаны бірнеше есе өсіріп отырғанын мәлімдеді

АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. "ҚТЖ–Жүк тасымалы" АҚ жергілікті қоймаларда көмірдің жеткілікті екенін алға тартады. 

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның әр аймақтарында көмірдің тапшылығы орын алып, тиісінше оның бағасы да артқаны айтылған болатын. Қазақстан премьер-министрі Қарағанды облысындағы көмірдің кезегі туралы да сөз қозғаған болатын. 

"ҚТЖ–Жүк тасымалы" АҚ мәліметіне сәйкес, 2017 жылғы қазан айының он күнінде жеткізілген көмірдің көлемі 2,9 миллион тонна болды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 6% жоғары болып отыр. "Қаражыра ЛДТ" ЖШС, "Богатырь Көмір" ЖШс сияқты ірі жүк жөнелтушілер өздеріне тиісті болатын жоспарды 100% орындап шықса, "Богатырь Көмір" ЖШС артылған көмірдің көлемін былтырғымен салыстырғанда 17% көп орындады. 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, 5 қазандағы мәліметтерге сәйкес аймақтағы қоймаларда сақталған көмірдің көлемі (95 мың тонна) жеткілікті. Оның ішінде Шұбаркөл көмірінің бағасы 17 мың теңге болса, Майкөбе көмірінің 1 тоннасы — 8,5 мың теңге болып отыр. Қарағандыдағы қоймалардың жағдайы дәл осындай: бұл жердегі көмірдің бағасы, Сарыадыр көмірі үшін — 6 мың теңге, Шұбаркөл көмірі —11 мың теңгеге дейін болып тұр. Алматыда "Қаражыра" кен орнының көмірінің бағасы – 15 мың теңге болса, Шұбаркөл көмірінің бағасы — 23 мың теңгеге дейін жетеді.

 

Тақырып:
Елдегі жанармай "жыры" (14)

Басты тақырыптар