09:20 23 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Калькулятор, архив суреті

Ұлттық банк: қазанда инфляция өсімі болуы мүмкін

CC0 / Edar
Экономика
Қысқа сілтеме алу
47 0 0

Бензин мен көмірдің тапшылығы инфляцияға ықпал етеді, деп хабарлады Ұлттық банк

АСТАНА, 1 қараша– Sputnik. Қазанда жанармай нарығындағы жағдайға байланысты инфляция өсімі болуы мүмкін, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәжілістің жалпы отырысында. 

"Биылғы жылы қаңтар мен қыркүйек аралығында инфляция 4,2%-ды, жылдық мәнде 7,1%-ды құрады. Бірақ Ұлттық банк жанармай, көмір, жеміс-көкөністің қымбаттауына байланысты қазанда инфляция өсімі болады деп болжап отыр", — деді Ақышев 2017-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке енгізілген өзгерістерді талқылау барысында. 

Күздің келуімен елімізде жанармай "жыры" басталғаны мәлім. Жүргізушілер жанар-жағармай құю станцияларында Аи-92 бензинін таба алмай сабылды. Дәл осы уақытта күннің ерте салқындап кетуіне байланысты жеке сектор тұрғындары көмір тапшылығына тап болды. Осы күрделі жағдай үкіметте қаралып, премьер-министрдің шешімімен энергетика вице-министрі Әсет Мағауов пен "ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев қызметінен босатылды. Ал энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа президент сөгіс жариялады.

 

Загрузка...

Басты тақырып