20:14 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Қазақстан

Жемқорлық дауынан Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік рейтингі төмендеп кетті

© Sputnik / Асем Миржекеева
Экономика
Қысқа сілтеме алу
77 0 0

Қаржы министрлігі Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде неге төмендегенін түсіндірді

АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Бүкіләлемдік экономика форумы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан көрсеткіштерінің төмендегеніне қатысты түсінік берді. 

Оның ақпаратынша, биыл Бүкіләлемдік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде "Бюджет қаражатын негізсіз жұмсау" (-13), "Мемлекеттік шығындардың ысырапшылдығы" (-24), "Аудит және есептілік стандарттарын жетілдіру" (-1) бағыттары бойынша Қазақстанның көрсеткіштері төмендеген. 

"Біздің ойымызша, рейтингтің төмендеуінің басты себебі – аудит органдарында болған жемқорлық даулары мен қызметтің үйлесімсіздігі", — деді Сұлтанов мәжілісте өткен үкімет сағатында. 

Оның айтуынша, ішкі аудит қызметіндегі аудиторлық шаралар көп жағдайда заң бұзушылықтардың алдын алуға емес, фактілерді анықтауға бағытталған. Сондай-ақ, аудит бағдарламасында қарастырылмаған мәселелер бойынша аудитті жүзеге асыру фактілері анықталып жатады.

Ішкі аудит қызметінің жұмыс сапасын көтеру мақсатында олардың қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі енгізілуде. Осы жұмыс аясында аудит нысанында сауалнама жүргізу, ішкі аудит аяқталғаннан кейін аудитордың кәсіби этикалық талап нормаларын сақтаған-сақтамағанын сұрау жоспарланып отыр. 

"Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесінде ғана емес, тексеруші органдарда да өте күрделі мәселе. Өйткені тексеруші органдар жемқорлық тәуекелдеріне ең бейім және бақылау нысандарымен әлі күнге тікелей байланыс орнатады", — деп түйіндеді министр. 

Маусым айының соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Астана ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысын пара алып жатқан жерінен ұстады. Шенеунік параны тексеріс туралы оң акті жасау үшін сұраған. Ал өткен жылдың соңында мемлекеттік аудиторлар пара алғаны үшін ұсталған болатын. 

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Doing Business 2018 бизнес жүргізу қолайлылығы рейтингінде 36-орынға тұрақтады (ал бір жыл бұрын 35-орында болған). Қазақстан "құрылысқа рұқсат алу" бойынша 22-ші орыннан бірден 52-орынға түссе, "несие алу" параметрі бойынша қазір әлемде 77-орында тұр. Ал өткен жылы 75-орында болған еді, "халықаралық сауда" көрсеткіші бойынша 123-ші орынға жайғасты (былтыр – 119).

Загрузка...

Басты тақырып