10:36 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
монета, архив суреті

RBK-ны құтқару үшін мемлекет қанша ақша бөлетіні белгілі болды

© Sputnik / Владимир Трефилов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
103 0 0

Мемлекет RBK банкіне 240 миллиард теңге бөледі, бұдан бөлек 600 миллиард проблемалық активтер арнайы қаржы компаниясына беріледі

АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Ұлттық банк RBK-ны қаржылық сауықтандыру рәсімін бастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлады банк төрағасы Данияр Ақышев. 

RBK банкінде халықтың 188 миллиард теңгеге 28 мың есепшоты мен депозиті ашылған. Осыған байланысты мемлекет банкке көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Бұл отандық банктер тарихындағы ең қымбат құтқару операцияларының бірі болмақ. 

RBK-ны Ұлттық банк жалғыз емес, үкімет және инвестор – "Қазақмыс" корпорациясымен бірлесе құтқарады. 

"Таяу арада Ұлттық банк басқармасы банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы аясында 240 миллиард теңгеге банктің өтінішін қарайды. Көп ұзамай RBK әлеуметтік маңызды төлемдер және шағын және орта салымшылардың депозиттері бойынша міндеттерін орындай бастайды", — деді Ақышев үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, RBK банкіне инвесторлардың қаржысы  есебінен 160 миллиард теңге капитал құйылады. Инвесторлар банк тұрақты дамуы үшін оның бизнес-моделін жетілдіруге тиіс. 

Бұдан бөлек, кешенді іс-шаралардың ішінде 600 миллиард теңгенің проблемалық портфелін арнайы қаржылық компанияға беру қарастырылған. 

Ақышевтің айтуынша, бұл ақша акционерлер мен өзге байланысқан адамдарға берілген. Ұлттық банк шығынға әкеліп соққан жағдайларға талдау жүргізеді. Бұл жұмыстың қорытындысы құқық қорғау органдарына тапсырылады. 

Банк проблемасы қазан айының басында белгілі болды. Қазақстан президенті 3 қарашада өткен жиында RBK-ға қатысты пікір білдіріп, бұл ахуалға "өз адамдарын қаржыландыру үшін ұрлық жасаған" акционерлер кінәлі екенін мәлім етті. 

"Барлығын тәртіпке келтіреміз. Ұрылар тиісті жерде отырады. Оларды ақшаны қайтаруға мәжбүр етеміз"", — деген еді Назарбаев. 


Басты тақырыптар