Экономика

Астанада автовокзал 1 миллиард теңгеге сатылды

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуАвтовокзал
Автовокзал - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сапаржай бастапқы бағасынан екі есе қымбатқа сатылды

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. "Сапаржай-Астана" ЖШС электронды сауда алаңында 1 миллиард теңгеге сатылды. 

"Сапаржай-Астана" ЖШС акцияларын 100% сату Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік мүлік реестрінің веб-порталында жүзеге асырылды. 

Сапаржай 1 миллиард 005 миллион 151 мың 125 теңге 94 тиынға сатылды. Сатып алушы туралы ақпарат жарияланған жоқ.

"Сапаржай" автовокзалы ескі теміржол вокзалының қасында орналасқан. 


Жаңалықтар
0