Экономика

Қырғыз тасымалдаушыларының Қазақстан заңнамасын бұзуы рекордтық көрсеткішке жетті

© Photo : ҚР ИДМ баспасөз қызметіҚырғыз жүк көліктері
Қырғыз жүк көліктері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылғы 1 қаңтар мен 14 қараша аралығында Қазақстан аумағында Қырғызстанның 22 192 жүк көлігі тексерілген

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Қырғыз тасымалдаушыларының Қазақстан заңнамасын бұзуы рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Жұмыртқа - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан Қырғызстанға жұмыртқа экспорттаған жоқ – АШМ

2017 жылғы 1 қаңтар мен 14 қараша аралығында Қырғызстанның 22 192 жүк көлігі тексерілді. Оның ішінде 1376-сында заңбұзушылық анықталған. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың көрсеткіштерінен де асып түсті. Былтыр Қырғызстан тасымалдаушылары заңнаманы 1141 рет бұзған болатын.  

Ең жиі кездесетін заң бұзушылықтар ішінде тауар-көлік жүк құжатының (CMR) болмауы – 516 рет; салмақ және габарит параметрлерін сақтамау — 288 рет; тез бүлінетін жүктерді тасымалдау сертификатының болмауы — 288; каботажды тасымал жасау –166 рет.  

Бұдан бөлек жолаушыларды тұрақсыз тасымалдауға арналған қазақстандық рұқсат бланкілерінің болмауы, жүктерді тасымалдау ережелерін және қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін, өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу секілді олқылықтар анықталды. 

Жаңалықтар
0