11:28 06 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD385.76
  • EUR427.89
  • RUB6.04
Шұбаркөл

Қарағанды облысында жарылғыш зат шығаратын зауыт салынады

© Sputnik / Еркин Салихов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
43 0 0

Облыста зауыт құрылысы 2018 жылы басталады

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Қарағанды облысында келесі жылы жарылғыш шығаратын зауыт салынады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жақында өнеркәсіптік жарылғыш өндірісі бойынша жоба қолға алынады. Ол тау-кен саласында сұранысқа ие. Зауыттың құрылысы келесі жылы арнайы экономикалық аймақта басталады. Бұл ішкі өндіріс үшін де қажет: біз жарылғыштарды өнеркәсіптік қажеттіліктер үшін үлкен көлемде сатып аламыз, бұл "Қазақмыс"және де басқа да біздің компаниялар", — деді облыс әкімі. 

Қошановтың айтуынша, қазіргі таңда жоба инвесторы мен оның құнына қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Қарағандыда "Сарыарқа" әуежайы аумағында халықаралық пошта хабын құру жобасы пысықталуда.

Загрузка...

Басты тақырып