10:50 23 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.75
  • EUR434.26
  • RUB6.12
Тимур Сулейменов

Сүлейменов экономикалық өсімнің үш драйверін атады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
38 0 0

Стратегиялық жоспар технологиялық, экспортқа бағдарланған экономиканы қалыптастыруға бағытталған экономикалық өсудің жаңа моделін анықтайды

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, стратегиялық жоспар технологиялық, экспортқа бағдарланған экономиканы қалыптастыруға бағытталған экономикалық өсудің жаңа моделін анықтайды.

"Жоспарда экономикалық өсімнің үш драйвері анықталған. Бірінші драйвер –экономика салаларының операциялық тиімділігін арттыру және өнімді өндіруге, тасымалдауға және сатуға, технологиялық жаңару мен цифрландыруға инвестиция құю, сондай-ақ жасыл экономикаға көшуге жағдай жасау есебінен экономиканың тиісті салаларының өнімділігін арттыру. Екінші драйвер – қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтерге баса назар аудара отырып, жаһандық жеткізілім тізбегіне енгізу арқылы экспортқа бағдарланған қазіргі салалардың өндіріс көлемінің өсіру. Өсімнің үшінші драйвері – жеткізу тізбегін құру, қызметтерді дамыту, технологиялық компанияларды оқшауландыру, технологияларды трансферттеу және инновацияларды коммерциализациялау есебінен экономиканың жаңа жоғары өнімді салаларын қалыптастыру", — деп атап өтті Сүлейменов.

Загрузка...

Басты тақырып