01:20 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Тимур Құлыбаев

Құлыбаев Қырғызстаннан келетін контрабанда жайлы: бұрын ол туралы білмедік пе?!

© ИА Новости-Казахстан
Экономика
Қысқа сілтеме алу
82301

Оның айтуынша, кедендік бақылау саласында шешуін күтіп тұрған мәселе аз емес

АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының кеңейтілген отырысында оның төрағасы Тимур Құлыбаев кедендік бақылауға қатысты мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының кеңейтілген отырысы премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өтіп жатыр.

"Кеденге қатысты сұрақ көп. Бақытжан Әбдірұлы, қырғыз шекарасындағы жағдайды қазір өзіңіз бақылап отырсыз.  Біраз мәселе шықты, Қырғызстаннан келетін заңсыз кеденге қатысты жүздеген іс қозғалды.  Бұл не деген сөз? Яғни, жағдайдың күрделі екенін, контрабанданың қанатын кең жайғанын көрсетіп отыр. Біз ол туралы бұрын білмедік пе?! ", — деді Құлыбаев. 

Оның айтуынша, кедендік бақылау жүйесінде олқылықтар бар.

"Біріншіден, бұл процесті біздің кәсіпкерлер үшін ыңғайлы ету керек. Екіншіден, кеден комитеті өзіне жүктелген функцияны — кедендік алымдар арқылы ел бюджетін толтыруды орындауы тиіс", — деді ол.

Естеріңізге салып өтсек, президент сайлауы кезінде кандидат Өмірбек Бабановтың Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі Атамбаевтың ашуына тиген еді. Осыдан кейін ол Қазақстанның билігін қатты сынға алды. Тура үш күннен кейін қазақ-қырғыз шекарасында ұзын-сонар кезек түзіліп, түрлі проблемалар басталды. Қазақстандық тарап контрабандамен күресіп жатқанын мәлімдеді. 

Басты тақырыптар