01:25 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Жүк көлігі

Қазақстан парламенті ЕАЭО-ның Кеден кодексі туралы шартын ратификациялады

© Sputnik / Кирилл Каллиников
Экономика
Қысқа сілтеме алу
38 0 0

Құжатқа сәйкес Еуразиялық одақта бірыңғай кедендік реттеу болады

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Сенат депутаттары Еуразиялық экономикалық одағының Кеден кодексі туралы шартын ратификациялау туралы заңға қол қойды.

Ратификациялаудың басты мақсаты Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай кедендік реттеуді қамтамасыз ету болып табылады. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің сөзіне сүйенсек, ЕАЭО-ның Кеден кодексі негізгі баптарының біріне кеденде бизнес-процестерді автоматтандыру жатады.

Бұдан бұрын министр хабарлағандай, электронды декларациялау басымдығы енгізілмек. Құжаттағы декларация кей кездері, мәселен техникалық ақау туындағанда ғана қолданылады. Бұдан бөлек, "бірыңғай терезе" механизмін қолдану мүмкіндігі заңмен негізделген. Бұдан былай кеден органдары декларанттан құжаттар талап етпей, мемлекеттік органдар ақпараттық жүйесінен ала алады. Жалпы айтқанда, көрсетілген нормалар декларациялау процесін жеңілдетіп, жемқорлық қаупін төмендетеді, деп сендірді Сүлейменов.

Құжатқа сәйкес қандай да бір себептерге байланысты декларант кеден бажын бірден төлей алмайтын болса, мемлекет бір айға кешіктіріп төлеуге рұқсат береді, бірақ бұл жағдайда үстеме пайыз да өтелетін болады. Жекелеген жағдайларда пайыздық үстемесіз алты айға кешіктіріп төлеуге рұқсат етілмек.

ЕАЭО-ның Кеден кодексінің күшіне енуі ішкі экономикалық қызметті жеңілдетіп, одаққа мүше елдердің транзиттік және экспорттық әлеуетін жан-жақты қолдануға мүмкіндік туғызады, деп қорытты Сүлейменов.

Басты тақырыптар