Экономика

Қазақстандықтар білім алу үшін 13 миллиард теңге жинаған

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуСтуденттер
Студенттер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір 360 студент жинақтау жүйесінің қаражатына білім алып жүр

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (МБЖЖ) салымшылары 13 миллиард теңге жинады, деп хабарлайды ҚР білім және ғылым министрлігі "Қаржы орталығы" АҚ баспасөз қызметі.

"Қазір де 18000 салымшы тіркелген. Білім беру жинағының көлемі 13 миллиард теңге шамасында. Мемлекет төлеген сыйақы көлемі 897 миллион теңге", — деп хабарлады қаржы орталығы.

Қазіргі таңда 360 студент МБЖЖ қаражатына білім алып жүр.

Деньги - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Білім беру жинақтау жүйесінің салымшылары 556 млн теңге мемлекеттік сыйақы алды

МБЖЖ аясында "Қазақстанның халық банкі" АҚ, "Нұрбанк"АҚ, "Цеснабанк" АҚ, "ВТБ банк" АҚ-да депозит ашуға болады, 2017 жылдың аяғында бесінші қатысушы банк —  "Tengri Bank" АҚ қосылады.

2013 жылдан бері "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" заң күшіне енген, соған сәйкес мемлекет әр салымшыға жыл сайын жалпы соманың 5-7%-ы көлемінде сыйақы төлеуге міндеттеледі, бірақ сыйақы мөлшері 100 АЕК-тен аспау керек.

Мемлекет 10 миллион теңгеге дейін соманың сақталуына кепіл болады және депозитті үшінші тұлғалардың қолдануынан сақтайды.

Жаңалықтар
0