06:00 22 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.42
  • EUR417.41
  • RUB6.09
Экономика
Қысқа сілтеме алу
40 0 0

Уран өндіру көлемі 20%-ға қысқартылмақ

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Табиғи уран өндірісіндегі әлемдік көшбасшы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ өндіріс деңгейін нарықтағы сұранысқа сәйкес келтіру мақсатында, жер қойнауын пайдалану келісімдері бойынша жоспарланған өндіріс ауқымын 20% қысқартатынын хабарлайды, делінген ресми хабарламада.

Жоспарланған қысқарту 2018 жылдың қаңтар айынан бастап іске қосылып, үш жылға созылады. Нәтижесінде, жалпы алғанда, үшжылдық мерзімде Қазақстандық уран өндірісі шамамен 11 мың тоннаға қысқармақ. 2018 жылы уран шамамен 4 мың тоннаға кем өндірілуі мүмкін, бұл көрсеткіш "UxC" (4-ші тоқсан UMO есебі) 2018 жылға болжаған әлемдік уран өндірісі ауқымының 7,5 % құрайды.

Қазатомөнеркәсіп бұл шешімі жөнінде барлық сатып алушыларына хабарлап, аталған іс-шаралар өнім жеткізу келісімдеріне кері әсерін тигізбейтінін растады.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, қазіргі нарықтағы жағдайға сәйкес, сондай-ақ табиғи уран нарығындағы өнім ұсынысының тұрақты артықшылығын ескере отырып, өндіріс ауқымын сұранысқа икемдеп қысқарту жөніндегі стратегиялық шешім қабылданды. 

"Аталған іс-шаралар біздің уран өндірісінің ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша ұстанымымызды көрсетеді, себебі уран өндіру дүние жүзіндегі көмірқышқылынан ада, таза электр энергия өндірудің маңызды элементі болып табылады", — дейді басқарма төрағасы.

Загрузка...

Басты тақырып