16:59 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Алатау технопаркі

Елбасы "Алатау" инновациялық технологиялар паркінің жұмысын сынға алды

© Foto: официальный сайт ПИТ "Алатау"
Экономика
Қысқа сілтеме алу
61 0 0

Президент "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасын іске асыруда ғылым басты рөл ойнайтынын атап өтті

АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Астанада өткен ұлттық телекөпір барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы "Алатау" инновациялық технологиялар паркінің жұмысына қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізде екі орталық бар – Назарбаев Университеті және "Алатау" инновациялық технологиялар паркі. Онда біздің Силикон алқабы жасалып жатыр. Мен университет зертханасында болғанымда, жасанды интеллект, аграрлық кешен бойынша көптеген әзірлемемен таныстым", — деді Назарбаев. 

Осы тұста Елбасы "Алатау" технопаркі нәтижелі жұмыс көрсетпесе, жабылып қалуы мүмкін екенін меңзеді. 

"Алатау" инновациялық технологиялар паркіне әлі жеткен жоқпын, оны құрып жатқанымызға ұзақ жыл болды. Қыруар қаржы жұмсадық, ал әзірге олардың немен айналысып жатқаны белгісіз. Мүмкін, үкіметте білетіндер бар шығар? Немен айналысады?  Қаншама ақша бөлдік, инфрақұрылым жасап жатырмыз", — деді Елбасы. 

Президенттің айтуынша, үкімет пен Алматы әкімі технологиялар паркінің немен айналысып жатқанын бүге-шігесіне дейін анықтауы қажет. 

"Біз паркті жабамыз ба, жоқ әлде одан әрі дамытамыз ба?", — деп түйіндеді Назарбаев. 

"Алатау" технопаркі 2005 жылы "Инновациялық технологиялар паркі" АЭА аумағында құрылды.  Технопарктің негізгі мақсаты – инновациялардың дамуына септігін тигізу.


Басты тақырыптар