Экономика

Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Болат ШайхиновАхметжан Есімов
Ахметжан Есімов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Ахметжан Есімов "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АО басқарма төрағасы қызметін атқарған

АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты хабарлайды.

Ахметжан Есимов докладывает Нурсултану Назарбаеву о ходе подготовки в ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Есімов ЭКСПО көрмесіне жақсы дайындық үшін Президенттен мақтау сөз естіді

Есімов бұл лауазымда Өмірзақ Шөкеевтің орнын басты. Ал бұрынғы басқарма төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі әрі елдің премьер-министрі орынбасары болып тағайындалған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Бақытжан Сағынтаев пен президент әкімдігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков "Самұрық" ҰӘҚ-ның жаңа басқарма төрағасын таныстырды.

Үкімет басшысы Ахметжан Есімовтің елдің игілігіне қосқан үлесін ерекше атап өтіп, кәсіби біліктілігі мен аса күрделі мемлекеттік тапсырмалардың орындаудағы жауапкершілігін жоғары бағалады.

Премьер-министр Қордың жаңа басқарма төрағасы мен ұжымына сәттілік тілеп, Елбасы ел алдына қойған мақсаттарға жету жолында белсенді қызмет атқару керектігін атап өтті.

Жаңалықтар
0