10:06 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Зейнеткер

Дүйсенова 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер қаншаға өсетінін айтты

© Sputnik / Григорий Сысоев
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Зейнетақы мөлшері қалай өзгерді (66)
1951 0 0

2018 жылдан қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 8%, ал базалық зейнетақы 6%-ға өседі

АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова келер жылы орташа зейнетақы мөлшері 72 мың теңгені құрайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 8 пайызға, базалық зейнетақы 6 пайызға өседі. Осылайша орташа зейнетақы мөлшері 72 мың теңгені құрайды. Бұған қоса, мүгедектік, асыраушысынан айырылу, жасы бойынша әлеуметтік төлемдер 16 пайызға көбейеді, ал қалған әлеуметтік төлемдер инфляция деңгейіне сәйкес 6 пайызға өседі. Ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемімен бірдей болады. Яғни ол да 16 пайызға өсіп, 28 259 теңгені құрайды", — деді министр.

Осы тұста Дүйсенова базалық зейнетақы 2018 жылдың 1 шілдесінен қайта есептелетінін атап өтті.

"Базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты 2018 жылдың 1 шілдесінен қайта есептеледі. Бұл өзгеріс 2 миллион зейнеткерге қатысты. Кімде 10 жыл еңбек өтілі болса, оларда зейнетақы мөлшері 54 пайызға тең болады. Ал еңбек өтілі 33 жылдан асатындарда базалық зейнетақы екі есеге көп болады", — деді министр.

Тақырып:
Зейнетақы мөлшері қалай өзгерді (66)
Кілт сөздер:
әлеуметтік төлем, зейнетақы, Тамара Дүйсенова
Загрузка...

Басты тақырып