12:25 24 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
Данияр Ақышев

Ақышев Ұлттық қордың шетелде бұғатталған 22 млрд долларына қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
62 0 0

Америкалық BNY Mellon банкі Ұлттық қордың 22 млрд долларын бұғаттап тастаған болатын

АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев шетелде Ұлттық қордың 22 млрд долларының бұғатталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Америкалық BNY Mellon банкі Ұлттық қордың шетелде сақталған 22 млрд долларын бұғаттап тастаған болатын. Оған себеп Молдова кәсіпкері Анатолий Стэти мен оның компанияларының Қазақстан үкіметінің үстінен түсірген шағымы. 

Данияр Ақышев банк-кастодиан Ұлттық қор активтерін заңсыз бұғаттады деп отыр. Сондықтан Қазақстан Лондонның жоғарғы сотына жүгінген. 

"Талап-арыз сомасы бұғатталған актив сомасымен салыстыруға келмейтіні айдан анық. Біз мұның қаншалықты заңды жасалғанына көз жеткізу үшін шағым түсірдік. Екіншіден, бізде кастодианмен (бағалы қағаздарды сақтайтын банк) келісімшарт ағылшын құқығы бойынша бекітілген. Тиісінше, біз Лондонның жоғарғы сотына жүгіндік. Сот біздің шағымды қабылдамады. Алайда біздің аталған шешімге шағымдануға мүмкіндігіміз бар. Біздің ойымызша, банк-кастодиан бұл активтерді заңсыз бұғаттады.  Қазір біз осыған қатысты жұмыс жүргізіп жатырмыз", — деді Ақышев. 

Десек те, Ұлттық банк төрағасы бұл даудың оң шешім табатынынан үмітті.

"Жағдай тым ушығып тұр деп ойламаймын, активтерден айырылып қалу туралы сөз болып тұрған эжоқ. Әрине, бұл заң аясындағы дау. Түптің түбінде өз шешімін табады деген ойдамын. Біз білікті консультанттар жалдадық, олар тиісті жұмыс жүргізіп жатыр. Соларға сенім артамыз", — деді Ақышев.

Загрузка...

Басты тақырыптар