Экономика

Жаңа жылдан бастап елімізде темекі қымбаттады

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтутемекі
темекі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Темекінің ең төменгі бағасы 20 теңгеге өсті, ал бірінші шілдеден бастап тағы да осынша теңгеге қымбаттайды

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда темекі қымбаттады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап өткен жылы темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасын бекіту туралы қаулыға үкімет енгізген өзгерістер күшіне енді.

Енді бір қорап темекінің ең төменгі бағасы 340 теңгеге жетті. Бірақ бағаның өсуі мұнымен тоқтамайды. Үкіметтің сол қаулысымен 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін шылымның ең төменгі бағасы 360 теңгеге дейін көтеріледі.  

Ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бір қорап темекінің ең төменгі бағасы 380 теңгеге жетеді. 


Жаңалықтар
0