00:05 17 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD343.45
  • EUR399.57
  • RUB5.52
Пәтер кілті

Елімізде баспана қымбаттады

CC0
Экономика
Қысқа сілтеме алу
184 0 0

Ұлттық экономика министрлігі тұрғын үй нарығындағы бағаға талдау жүргізді

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Өткен жылы  жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 1,3%-ға өсті, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігі. 

"2017 жылдың соңында 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 1,3%-ға өсті, ал абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағасы 1,6%-ға, абаттандырылмаған тұрғын үйлер 0,8%-ға төмендеді", — деп жазылған хабарламада.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу ақысы 3,8%-ға қымбаттады. 

Жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі орташа 253 мың 242 теңгеден сатылды. Ал қайта сатылған абаттандырылған тұрғын үйдің шаршы метрі  185 мың 664 теңгеге, абаттандырылмағандары 114 мың 496 теңгеге бағаланған.   

Абаттандырылған тұрғын үйдің әр шаршы метрі 1 мың 329 теңгеден жалданған.    


Басты тақырыптар