11:10 24 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
Баланың архивтегі фотосы

Жетім балаларды асырап алғандар табыс салығынан босатылады

© Sputnik / Владимир Песня
Экономика
Қысқа сілтеме алу
188 0 0

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа салық кодексінің жаңашылдықтары баяндалды

АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Жетім балаларды асырап алғандар енді табыс салығынан босатылады. Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жетім балаларды асырап алғандар жылына 2,1 млн теңге табыс шегінде табыс салығын төлеуден босатылады", — деді Дәленов ОКҚ-де өткен брифингте. 

Дәленов табыс салығынан ата-ананың тек біреуі ғана әр жыл сайын босатылатынын нақтылады. Аталған норма еліміздегі барлық бала асырап алушыларға қатысты. 

"Мүгедек болып қалған баланың ата-анасының біріне жер салығы, тіркеу алымы, мемлекеттік баж бойынша жеңілдік (орта есеппен 9 мың теңге) болады. Бұл 76 мың азаматқа қатысты", — деді ол.

Загрузка...

Басты тақырыптар