04:45 18 Тамыз 2018
Тікелей эфир
  • USD360.12
  • EUR409.67
  • RUB5.33
Теңге

Ұлттық банк теңгенің еркін айырбас бағамы режимін жалғастырады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
138 0 0

Үкімет пен Ұлттық банк Қазақстанның экономикалық саясатына қатысты бірлескен мәлімдеме жасады

АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банк теңгенің еркін айырбас бағамы режимін жалғастырады. Бұл туралы бүгін банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ұлттық банк еркін айырбас бағамы режимін жалғастырады және коммуникациялық белсенділікті жақсартады. Кәсіпкерлік белсенділікті жақсарту үшін ставка бойынша бизнесті ұзақ мерзімді несиелеумен қамтамасыз етуге қатысты шаралар қолға алынады. Сондай-ақ, қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету аясында Ұлттық банк Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасын одан әрі жүзеге асырады. Биыл банктерді сауықтыру процесінде несиелеу бірқалыпты өседі деп жоспарланып отыр", —деп мәлімдеді Ақышев үкімет отырысында.

Оның айтуынша, биыл Ұлттық банк қаржы компаниялары мен тәуелсіз аудиторлардың жауапкершілігін күшейтеді.

"Қаржылық реттеу саясаты инвестициялық шешімдер сапасының жоғарылауына, қаржы компанияларының басшылары мен тәуелсіз аудиторлардың қаржылық есептілік сапасы үшін жауапкершілігін күшейтуге, азаматтардың жинақтарын экономикалық қызметте тиімді пайдалануға жағдай жасауға бағыталады. Сондай-ақ, қаржы компанияларын реттеу режимі тұрақты банктердің табысты қызметі үшін жағдай жасауға, тұрақтылығы төмен банктерді сауықтырудың нарықтық әдістері мен нарықтан тиімсіз банктерді шығаруға бағытталмақ", — деді ол.

Кілт сөздер:
қаржылық реттеу саясаты, теңге, еркін айырбас бағамы, Ұлттық банк, Данияр Ақышев

Басты тақырыптар