01:05 23 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Экономика
Қысқа сілтеме алу
71 0 0

Үкімет пен Ұлттық банк инфляция деңгейін 5-7% мақсатты дәлізінде сақтамақ

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Биыл Қазақстанда бюджет тапшылығы ЖІӨ қатысты 1,1% дейін төмендемек. Бұл туралы бүгін ұлттық экономиа министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін үкімет отырысында үкімет пен Ұлттық банктің 2018 жылдағы экономикалық саясаттың негізгі басғыттары туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды.

"Бюджет тапшылығын 2017 жылы ЖІӨ қатысты 2,9%-дан 2018 жылы 1,1%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. Бұл үкіметтің борышын қауіпсіз деңгейде – ЖІӨ қатысты 20%-дан аспайтын деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Мұнайға жатпайтын тапшылықты ЖІӨ қатысты 7,4% дейін төмендету жоспарлануда", — деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, макроэкономикалық тұрақтылық ақша-несие және бюджет-салық саясатының келісілген шаралары есебінен, сондай-ақ қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етудің нәтижесінде сақталады.

"Заңнамалық деңгейде бизнесті құқықтық реттеу шарттарын жақсарту мен кәсіпкерлікті дамыту кедергілерін азайту қарастырылған. Осылайша, биыл 114 бақылау саласынан 25 және 18 қадағалау саласынан 3, тексерістердің жалпы санын 30 пайызға және бизнестің мемлекеттік органдарға ұсынатын есептілік санын 30 пайызға қысқарту жоспарланып отыр", — деді министр. 

Мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту мақсатында жекешелендіру жоспары одан әрі жалғасады. IPO/SPO-ға "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ның бірқатар ірі активтері шығарылмақ. 

Үкімет пен Ұлттық банк жүргізетін экономикалық саясат биыл инфляция деңгейін 5-7 пайыз дәлізінде сақтауға мүмкіндік береді деп болжанып отыр.

Кілт сөздер:
үкімет, Ұлттық банк, бюджет тапшылығы, ЖІӨ, Тимур Сүлейменов
Загрузка...

Басты тақырып